/KASE, 04.11.11/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Тәуекелдік комитеті
2011 жылдың 04 қарашасынан бастап "АТФБанкі" АҚ (Алматы)
KZ2C0Y02D601 облигацияларын (KZ2C00000685, ATFBb7; 1 000 тенге,
15,0 млрд тенге; 04.11.09 - 04.11.11, инфляция деңгейімен индекстелінген
жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,10 %; 30/360)
KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып
тастады.
2011 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE
0,9978911 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9985801,
KASE_BY – 1,6784332. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К)
0,9977845, KASE_BC үшін – 0,9985121 және KASE_BY үшін - 1,6784444 тең
болған.
KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі.
KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша
(жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы
бойынша) есептелетін бағалар индексі.
KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық
тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін
бағалар индексі.
Аталмыш индекстердің барлығын KASE күніне бір рет, корпоративтік
облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі.
Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы
он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға
сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған
облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу шектеу коэффициенті
арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан бұрын бұл тақырыбы бойынша 2011 жылдың 04 қарашасында
"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y02D601 (KZ2C00000685, ATFBb7)
облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE
ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы
http://www.kase.kz/ru/news/show/1151273 мекен-жайы бойынша жарияланды.
Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу
ә
дістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-
жайы бойынша танысуға болады.
[2011-11-04]