2011 жылдың 27 желтоқсанында "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

29.11.11 11:51
/KASE, 29.11.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды, бұдан әрі – компания), 2011 жылдың 27 желтоқсанында сағат 12:00-де компания акицлнерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ компания акциялары бойынша 2011 жылдың екінші-үшінші тоқсандарына дивиденділер төлеу мәселесі болып табылады. Аталмыш жиналыс: Қарағанды қ., Асфальтная көш., 18. – мекен-жайы бойынша өтеді. Кворум жиналмаған жағдайда, компания акционерлерінің жиналысы сол уақытта, жоғарыда аталмыш мекен-жай бойынша 2011 жылдың 28 желтоқсанында қайта өткізіледі. [2011-11-29]