2011 жылдың 09 қарашасынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

09.11.11 11:43
/KASE, 09.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3 және 7 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZPC3Y08B873 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, TSBNb5; 1 теңге, 3,0 млрд теңге, 28.06.06 – 28.06.14, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,40 %; 30/360) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_TSBNb5_001, R_TSBNb5_003 және R_TSBNb5_007 кодтары берілді. [2011-07-09]