"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) KZ2CKY07B352 (KZ000A0TZYJ6, TXBNb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

01.11.11 11:14
/KASE, 01.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 01 қарашасынан бастап "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) KZ2CKY07B352 облигациялары (KZ000A0TZYJ6, TXBNb3; 1 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.11.04 – 01.11.11, инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,80 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2004 жылдың 01 желтоқсанынан бастап "А" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2005 жылдың 08 ақпанында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 3,00-ден 19,00 % аралығында құбылды. 2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 170-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,009 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 137-ші жайғасымға иеленді (0,02 %). [2011-11-01]