"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZPC3Y08B873 (KZ000A0T9AK9, TSBNb5) облигациялары бойынша 12-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,00 % құрады

29.11.11 11:41
/KASE, 29.11.11/ – "Цеснабанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y08B873 (KZ000A0T9AK9, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, TSBNb5; 1 теңге, 3,0 млрд теңге; 28.06.06 – 28.06.14, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша 2011 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2012 жылдың 28 маусымына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 28 желтоқсанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,40 % пайызды құраған. [2011-11-29]