ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, REALb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

21.11.11 10:48
/KASE, 21.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған"REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ өзінің KZ2C0Y05C747 облигацияларының (KZ2C00000289, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, REALb1; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 30.05.08 – 30.05.13, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,60 %, 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізіліп, тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмелерін ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҚК) 2011 жылдың 02 қарашасында тіркеп, "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі құрамында болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9b1_izm_021111.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-21]