"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) өзінің KZ2CKY07B352 (KZ000A0TZYJ6, TXBNb3) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

02.11.11 11:36
/KASE, 02.11.11/ – "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) 2011 жылдың 01 қарашасында өзінің KZ2CKY07B352 облигацияларын (KZ000A0TZYJ6, TXBNb3; 1 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.11.04 – 01.11.11, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,80 % ; 30/360) өтеуі шегінде, аталмыш облигациялардың соңғы – он төртінші – купондық сыйақысы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 2 566 953 760,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 2 435 440 000,00 теңгені, ал он төртінші купондық сыйақысының сомасы– 131 513 760,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-11-02]