ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

21.11.11 10:48
/KASE, 21.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), өзінің акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 02 қарашасында тіркеп, "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі құрамында болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9_izm_021111.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-21]