"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Исатай-Шағала" учаскелері мен "Шағырлы-Шөмішті" кен орны бойынша қоғамдық тындаулар өткізді туралы хабарлады

15.11.11 11:32
/KASE, 15.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 14 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Ақтау қаласында "Исатай-Шағала" учаскелерінде теңіз мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау" және "Шағырлы-Шөмішті" кен орнындағы мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау" бойынша қоғамдық тындаулар өтті. Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманың алдында өткізілетін міндетті рәсім болып табылады және ұлттық және халықаралық заңнаманың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесінде жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге қатысты талаптарына сәйкес келеді. "Исатай-Шағала" учаскелерінде және "Шағырлы-Шөмішті" кен орнында мұнай операциялары Қазақстан Республикасының кен игеру және қоршаған ортаны қорғау заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Кен орнын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың бұзылуы мен тозуының жағымсыз салдарын мүмкіндігінше азайтатын қажетті іс-шаралар қабылдайтын болады, соның ішінде Исатай-Шағала учаскелерінде теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар "нөлдік тастау" концепциясын міндетті түрде қолданумен жойылатын болады. Бүдан басқа, жұмыстарды жүргізу кезінде тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізіледі. Жобаларды іске асырудың аймақ үшін негізгі пайдалары: - жергілікті инфрақұрылым және қызмет аясының дамуы; - жаңа жұмыс орындарының құрылуы; - әлеуметтік салаға қолдау көрсету; - жергілікті кадрларды оқыту; - жергілікті бюджетке салық түсімдерінің артуы. Осы жобалардың іске асырылуы ресурстық базаның ұлғаюына, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өңдеу және экспорттау мақсатында көмірсутекті шикізатты өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл бюджетке салық төлемдерін және инвистициялар ағымын арттыруға мүмкіндік береді. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19 тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329 www.kmg.kz цитата соңы [2011-11-15]