ҚҰБ ҚҚК "Delta Bank" АҚ KZ2CKY07B717 (KZ2C00000321, NFBNb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді тіркеді

03.11.11 11:01
/KASE, 03.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Алматы), KZ2CKY07B717 облигацияларының (KZ2C00000321, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, NFBNb1; 100 теңге, 3,0 млрд теңге; 27.09.05 – 27.09.12, инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 10,80 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 24 қазанында тіркеліп, "Delta Bank" АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9b1_izm_241011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-11-03]