2011 жылдың 09 желтоқсанында "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

08.11.11 11:44
/KASE, 08.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай, бұдан әрі – компания) биржаға 2011 жылдың 09 желтоқсанында сағат 18:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ компанияның 2011 жылға аудитін жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымын анықтау болып табылады. Осы жиналыс: Қостанай қ., Бородина көш., 198 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 17:00-ден бастап жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 09 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің жалпы жиналысы 2011 жылдың 10 желтоқсанында жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдармен: 2008 жылдың 28 қарашасынан бастап таныса алады. [2011-11-08]