ҚҰБ ҚҚК "Delta Bank" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді тіркеді

03.11.11 11:00
/KASE, 03.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Алматы), акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 24 қазанында тіркеліп, "Delta Bank" АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9_izm_241011_.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-11-03]