2011 жылдың 15 желтоқсанында "Punjab National Bank" – Қазақстан" еншілес банкі" АҚ (Казахстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

15.11.11 10:51
/KASE, 15.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Punjab National Bank" – Қазақстан" еншілес банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 15 желтоқсанында сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық кезектен тыс жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк жариялаған жай акцияларының санын арттыру; - банктің корпоративтік басқару кодексін бекіту. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Достық көш., 91/2. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 14 қарашасындағы жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 22 желтоқсанында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталған жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанға дейін Алматы қ., Достық көш., 91/2 мекен-жайы бойынша танысуына болады. [2011-11-15]