"АТФБанкі" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y02D601 (KZ2C00000685, ATFBb7) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

04.11.11 11:04
/KASE, 04.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 04 қарашасынан бастап "АТФБанкі" АҚ (Алматы) KZ2C0Y02D601 облигациялары (KZ2C00000685, ATFBb7; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 04.11.09 – 04.11.11, инфляция деңгейімен индекстелінген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,10 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2009 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2010 жылдың 26 қаңтарында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 3,17-ден 9,74 % аралығында құбылды. 2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 7-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 1,73 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 4-ші жайғасымға иеленді (4,07 %). [2011-11-04]