ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, REALb1) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

23.11.11 10:27
/KASE, 23.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), өзінің KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ қарыздық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, REALb1; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 30.05.08 – 30.05.13, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,60 %; 30/360) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін KASE- ге ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 09 қарашасында тіркеп, "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлары кеңесінің құрамында болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9b1_izm_091111.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-23]