ҚҰБ ҚҚК "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

23.11.11 10:26
/KASE, 23.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы), акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 09 қарашасында тіркеліп, "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Директорлары кеңесінің құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/REAL/realf9_izm_091111.pdf мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-23]