"Қазкоммерцбанкі" АҚ (Қазақстан) XS0234398245, US486668AA44 (KKGBe24) халықаралық облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

01.11.11 10:55
/KASE, 01.11.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 31 қазанындағы шешімімен "Қазкоммерцбанкі" АҚ (Алматы) XS0234398245, US486668AA44 халықаралық облигациялары ($100,0 млн; мерзімсіз, айналыстың басталуы 09.11.05, жарты жылдық купон, 09.11.15 дейін – жылдық 9,20 %, бұдан әрі – АҚШ долларындағы LIBOR үш айлық ұсыныс мөлшерлемесі жылдық +6,1905 %, 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар иелері тізімдемелерін жүргізуді The Bank of New York Mellon (Нью-Йорк) жүзеге асырады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлем және трансферлік агенті The Bank of New York Mellon (Лондон) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KKGBe24 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2011-11-01]