25 қарашадан бастап KASE қайталама нарық секторында "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

25.11.11 10:33
/KASE, 25.11.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 25 қарашасынан бастап KASE қайталама нарық секторында "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, KASE ресми тізімі, категория "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Prime Financial Solutions" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 08 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар шығарылымы бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/stso мекенжайы бойынша жарияланған. [2011-11-25]