ҚҰБ ҚҚК Мемлекеттік бағалы қағаздарды Биржаның ресми тізіміне жіберу ережелеріне енгізілген өзгертулермен келісті

18.11.11 10:19
/KASE, 18.11.11/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 06 қазанындағы шешімімен "Биржалық кеңесі Мемлекеттік бағалы қағаздарды Биржаның ресми тізіміне жіберу ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына # 1 өзгертуді енгізілді. Өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 08 қарашасында келісілді және 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Өзгертулер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің таратылуына және олардың функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне беруге байланысты енгізілді. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ss.pdf бойынша жарияланды. [2011-11-18]