"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0298931287, US40430AAB98 (HSBKe3) халықаралық облигациялары бойынша 9-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

10.11.11 10:18
/KASE, 10.11.11/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 03 қарашасында өзінің XS0298931287, US40430AAB98 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HSBKe3; $638 029,0 тыс.; 03.05.07 – 03.05.17; жарты жылдық купон жылдық 7,25 %, 30/360) тоғызыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 23 128 551,25 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2011-10-11]