KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдігі) 2011 жылдың 25 қарашасында Citigroup Global Markets U.K. Equity Limited-тен өзінің 130 000 GB00B0HZPV38 (GB_KZMS) жай акциясын сатып алғаны туралы хабарлады

30.11.11 10:38
/KASE, 30.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон) Биржаға ескертпе хат жолдап, былай деп хабарлады. Қазақмыс ПЛС компаниясы 2011 жылдың 25 қарашасында "Citigroup Global Markets U.K. Equity Limited" компаниясынан орташа бағасы бір акция үшін 797.5558 пенс бойынша өзінің 130,000 жай акциясын қайта сатып алғанын хабарлайды. Бір акция үшін төленген, ең жоғарғы баға 817.0 пенс, ал ең төменгі баға бір акция үшін 783.5 пенс. Сатып алынған акциялар Компанияның меншікті акциялары деп танылады. Жоғарыда аталған сатып алудың нәтижесінде Қазақмыс ПЛС 3,922,168 қазынашылық акцияны иеленді және 531,495,793 жай шығарылған акцияға ие (қазынашылық акцияларды қоспағанда). Қазақмыс ПЛС – Инвесторлармен жұмыс жасау бөлімі Джон Смелт +44 (0)20 7901 7882 john.smelt@kazakhmys.com "Merlin" агенттігі Дэвид Саймонсон +44 (0)20 7726 8400 "Hill & Knowlton Hong Kong" компаниясы К. У. Лам +852 28 946 321 [2011-11-30]