2011 жылдың 25 қарашасынан бастап KASE ББҚ автоматты репо нарығында жаңа құралмен сауда-саттық ашылды

25.11.11 10:22
/KASE, 25.11.11/ – KASE мүшесі 2011 жылдың 02 қарашасында берген өтініштің негізінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен биржада автоматты репо нарығында жаңа құралмен сауда- саттық ашылады, мұнда репо операцияларының заты ретінде "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) репо операцияларының мерзімі 1, 3, 7, 14 және 28 күн болатын KZP01Y10E053 (KZ2C00001618, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық құнды қағаздар" санаты, CSBNb10; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 19.07.11 – 19.07.21; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,00 %, 30/360) облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_CSBNb10_001, R_CSBNb10_003, R_CSBNb10_007, R_CSBNb10_014 және R_CSBNb10_028 кодтары берілген. [2011-11-25]