/ҚАЙТАЛАУ/ 2011 ЖЫЛДЫҢ 21 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ОБЛИГАЦИЯЛАРМЕН САУДА-САТТЫҚТАРДА ФРАНКФУРТТЫҚ САУДА-САТТЫҚТАР ӘДІСІН ҚОЛДАНА БАСТАЙДЫ

21.11.11 10:16
/KASE, 21.11.11, 01.11.11 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2011 жылдың 27 қазанындағы шешімімен 2011 жылдың 21 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілетін, "Сауда-саттықтар және Растау жүйесі жұмысының регламенті" атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 34 толықтырулар мен өзгертулер (түзетулер) бекітілді. Түзетулер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығының қаржылық тұрақтылығы және дамуы жөніндегі Кеңес шешіміне сәйкес әзірленді. Түзетулер арқылы үздіксіз кері аукцион әдісімен жүргізілетін, бағалы қағаздар (акциялар, корпоративтік және мемлекеттік облигациялар) сауда-саттығы күту тәртіптемесіне ауыстырылуы белгіленді, осы тәртіптемеде олар: - 5 немесе одан көп күнтізбелік күн арасында аталған акциялармен мәмілелер болмағанда, KASE-де айналысқа жіберілген, акцияларды сатуға және сатып алуға кері өтінімдерде көрсетілген, бағалар бірдей немесе кесімді болған жағдайда; - KASE-де айналысқа жіберілген, облигацияларды сатуға және сатып алуға кері өтінімдерде көрсетілген, бағалар бірдей немесе кесімді болған жағдайда франкфурттық сауда-саттықтар әдісімен жүргізіледі. Қазіргі уақытқа дейін облигациялармен сауда-саттықтар өткізу кезінде күту тәртіптемесі қолданылмады, ал акциялармен сауда-саттықтарды өткізу кезінде ол 15 және одан көп күнтізбелік күн арасында акциялармен мәмілелер болмаған жағдайда қолданылып келді. Бұдан басқа, егер KASE-де айналысқа жіберілген, акцияларды сатуға және сатып алуға кері өтінімдердің бағалары бірдей немесе кесімді болған жағдайда болжалған мәміленің бағасы аталған акциялардың соңғы мәмілелері бағасынан өтімді акциялар бойынша 10 %-ға және өтімсіз акциялар бойынша 5 %-ға ерекшеленетін жағдайда, сондай-ақ сатуға және сатып алуға алдын ала кері өтінімдерде көрсетілген, бағалар бірдей немесе кесімді болған жағдайда, Регламентке сәйкес күту тәртіптемесі қолданылады. Сауда-саттық және Растау жүйесі жұмысының регламентті жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2011-11-21]