ҚҰБ ҚҚК Листингілік комиссия туралы қағидаға енгізілген өзгертулермен келісті

18.11.11 10:13
/KASE, 18.11.11/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 06 қазанындағы шешімімен "Листингілік комиссия туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына # 1 өзгертулерді енгізілді. Өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 08 қарашасында келісілді және 2011 жылдың 11 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Өзгертулер арқылы Қағида мәтініне: - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің таратылуына және олардың функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне беруге; - Листингілік комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі бойынша процедураларына байланысқан, редакциялық және түсіндірмелі түзетулер енгізілді. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_com.pdf бойынша жарияланды. [2011-11-18]