2011 жылдың 31 қарашасында "Альянс банкі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

02.11.11 11:02
/KASE, 02.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға 2011 жылдың 30 қарашасында сағат 10:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің минималды сақтық капиталын қалыптастыруда 2010 жылға банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту. Осы жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден бастап жасалады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 30 қазанындағы жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің жалпы жиналысы 2011 жылдың 01 желтоқсанында жоғарыда берілген мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қатысты материалдармен: жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанға дейін Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынша таныса алады; тел.: (727) 258 40 40 (ішкі 52038), корпоративтік хатшы Байсенкул Гульнара. [2011-07-22]