"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Commerzbank AG жасасқан несие туралы келісім-шарты бойынша негізгі қарызын өтеу есебіне $10,0 млн төлейтіні туралы хабарлады

30.11.11 10:24
/KASE, 30.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – Корпорация), биржаға жолдаған ресми хатында "2011 жылдың 21 қарашасында Корпорация 2008 жылдың 10 сәуіріндегі несие туралы келісім-шартқа (2009 жылдың 21 желтоқсанындағы өзгертулері және толықтыруларымен) сәйкес, Commerzbank AG 10 млн. АҚШ доллары сомасында негізгі қарызы үшін кезекті төлем жасағаны" туралы хабарлады. [2011-11-30]