KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдігі) 2011 жылдың 24 қарашасында Citigroup Global Markets U.K. Equity Limited.-тен өзінің GB00B0HZPV38 (GB_KZMS) 125 000 жай акциясын қайта сатып алғаны туралы хабарлады

29.11.11 10:07
/KASE, 29.11.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон) Биржаға ескертпе хат жолдап, былай деп хабарлады: Қазақмыс ПЛС компаниясы 2011 жылдың 11 қарашасында "J Citigroup Global Markets U.K. Equity Limited" компаниясынан орташа бағасы бір акция үшін 810.6621 пенс бойынша өзінің 125,000 жай акциясын қайта сатып алғаны туралы хабарлайды. Бір акция үшін төленген, ең жоғарғы баға 822.5 пенс, ал ең төменгі баға бір акция үшін 791.5 пенс. Сатып алынған акциялар Компанияның меншікті акциялары деп танылады. Жоғарыда аталған сатып алудың нәтижесінде Қазақмыс ПЛС 3,792,168 қазынашылық акцияға және 531,448,170 жай шығарылған акциясына (қазынашылық акцияларынан қоспағанда) иеленді. Қазақмыс ПЛС – Инвесторлармен жұмыс жасау бөлімі Джон Смэлт john.smelt@kazakhmys.com "Merlin" агенттігі Дэвид Саймонсон +44 (0)20 7726 8400 "Hill & Knowlton Hong Kong" компаниясы К. У. Лам +852 28 946 321 [2011-11-29]