"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі қызметінің нәтижелерін жариялады

25.11.11 10:07
/KASE, 25.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы) биржаға 2011 жылдың 24 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ 2011 жылдың 9 айындағы ҚЕХС бойынша шоғырландырылған аудиттелмеген есебін жариялады. 2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, Альянс Банкінің таза пайдасы 16 602 320 000 теңге мөлшерінде бекітілді. Пайда, негізінен, 2011 жылы тамызда аяқталған мәселелі бөлшек заемдар пулын сату жөніндегі мәмілесі есебінен алынды. Банк активтері 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 92,6 млрд. теңгеге артып, 2011 жылдың 30 қыркүйегінде 520 143 708 000 теңгені құрады. Банк міндеттемелері жыл басынан 11 млрд. теңгеге өсіп, 543 652 811 000 теңгені құрады. 2010 жылы 31 желтоқсандағы ҚЕХС бойынша меншікті капитал жетіспеушілігі 105 034 955 теңгеден 78 %-ға қысқарып, 23 506 104 000 теңге болды. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_241111.pdf мекенжайы бойынша көруге болады. [2011-11-25]