Fitch "Қазақстан Даму Банкі" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ рейтингілік бағаларын растады, болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертілді

24.11.11 10:15
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 23.11.11, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыбы/ – Fitch Ratings Қазақстан Даму Банкінің ("ҚДБ") және ҚазАгроҚаржының ("ҚАҚ") эмитент дефолты рейтингілері ("ЭДР") бойынша болжамын "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертті. Сондай-ақ, агенттік ҚДБ шетелдік валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BBB-" деңгейінде және ұлттық валютадағыны "BBB" деңгейінде растады. Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі осы хабарламаның соңында берілген. ҚДБ рейтингілері Fitch агенттігінің қажет болған жағдайда Қазақстан өкіметі осы банкке демеу көрсетуге әбден дайындығы туралы пікірін білдіреді. Бұл пікір банктің басты меншік иесі мемлекет екендігіне негізделген, сонымен қатар ҚДБ даму институты ретіндегі маңызды рөлін, оның үкіметпен тығыз байланысын және капиталмен демеуге қатысты жақсы тарихи деректерін есепке алады. ҚДБ қаржы нарықтарында тартылған қарызы 2011 ж. 1 жарты жылдығының соңында 4,3 млрд. долл. дейін көтерілді, мемлекеттің жалпы сыртқы қарызына қатысты айтарлықтай көп болып отыр (2011 ж. соңына берілген болжам бойынша 5,3 млрд. долл.), бірақ бұл ЖІӨ 3% азын құрайды. ҚАҚ рейтингілері қажет болған жағдайда Қазақстан өкіметінің компанияға демеу көрсетуге жоғары дайындығын көрсетеді. Осы орайда ҚАҚ (тікелей болмаса да) 100-пайыз мемлекеттің меншігінде екенін, сонымен қатар компанияның ауыл шаруашылық секторында атқарылып жатқан саясаттағы рөлін, компанияның шағын көлемін (яғни, қажет болуы мүмкін демеу құнының жоғары еместігін), бүгінгі күнге дейін мемлекет тарабынан көрсетілген демеулер тарихын және ҚАҚ қызметін жүргізіп келе жатқан төмен левередж ескереді. Сонымен қатар, ҚДБ салыстырғанда ҚАҚ рейтингінің анағұрлым төмен болуы атқарылып жатқан саясаттағы ҚАҚ рөлінің төмен болуын, сондай-ақ, елдің экономикасы мен қаржылық жүйесі үшін маңыздылығының төмен болуын, және Қазақстан өкіметімен байланысының аса тығыз болмауын, мемлекеттік меншіктің жанамаланған сипаты, және қажет болған жағдайда, ҚАҚ қызметтерін мемлекет бақылайтын басқа құрылымдар жүктеуі мүмкіндігін айшықтайды. ҚДБ Қазақстанның эономикасының өндірмейтін салаларын дамыту үшін құрылған. Оның иесі Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры, 100 пайыз мемлекеттің меншігінде. 2011 ж. 1 жарты жылдығының соңына қарай ҚДБ Basel I келісімі бойынша 1 дәрежелі капиталының жеткіліктігі көрсеткіші шығындар мен бизнес көлемінің өсуі есебінен 17% дейін төмендеді. Банктің несие тәуекелдерінің төмен жетілгендігін және жоғары дәрежеде шоғырланғанын, оған қоса оның одан әрі даму жоспарын ескерсек, бұл көрсеткіш дәл болып табылады. ҚАҚ, негізінен, қазақстандық ауыл шаруашылық саласына несиелер және қаржылық лизинг беретін банктен тыс қаржылық ұйым болып табылады. Компания өз кезегінде мемлекеттің меншігіндегі "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес құрылымы болып табылады. 2010 жылдың соңында "меншікті капитал/активтер" көрсеткіші 55% деңгейінде жоғары болды. Fitch қысқа мерзімді перспективада несиелендіру өсімі бірқалыпты болады деп болжайды, дегенмен бүгінгі күні проблемалы және қайта құрылымдалған несиелердің деңгейі капитализацияның ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Өткізілген рейтингілік әрекеттер: Қазақстан Даму Банкі Шетелдік валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BBB-" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертілді. Шетелдік валютадағы қысқамерзімді ЭДР "F3" деңгейінде расталды. Ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BBB" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертілді. Ұлттық валютадағы қысқамерзімді ЭДР "F3" деңгейінде расталды. Демеу рейтингі "2" деңгейде расталды. Ұзақмерзімді ЭДР демеу "BBB-" деңгейінде расталды. Қамсыздандырылмаған ұзақмерзімді басым рейтинг "BBB-" деңгейінде расталды. ҚазАгроҚаржы Шетелдік валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BB" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертілді. Шетелдік валютадағы қысқамерзімді ЭДР "B" деңгейінде расталды. Ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BB" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертілді. Ұлттық ұзақмерзімді рейтинг "A(kaz)" деңгейінде расталды, болжам "Тұрақты". Демеу рейтингі "3" деңгейде расталды. Ұзақмерзімді ЭДР демеу "BB" деңгейінде расталды. Байланыс: Бірінші талдаушы, Роман Корнев (ҚДБ және ҚАҚ), Талдаушы +7 495 956 7016 Екінші талдаушы (ҚДБ), Аслан Тавитов, Кіші директор +7 495 956 7065 Екінші талдаушы (ҚАҚ), Антон Наберухин, Кіші директор +7 495 956 9981 Комитет Төрағасы, Джеймс Уотсон, Басқарушы директор +7 495 956 6657 Баспасөзге арналған байланыс: Анна Быкова, Москва, тел.:+ 7 495 956 9903/9901, anna.bykova@fitchratings.com [2011-11-24]