/ҚАЙТАЛАУ/ 24 ҚАРАШАДА БИРЖАДА "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (ҚАЗАҚСТАН) KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

21.11.11 09:31
/KASE, 21.11.11, 15.11.11 жаңалықты қайталау/ – 2011 жылдың 24 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) KZ2P0Y03E026 облигацияларын (KZ2P00001605, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14, жартыжылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Орналастырудың жарияланған көлемі 20 000 KZ2P0Y03E026 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 20 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – STSOb1. Эмитент кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында өтінімді қанағаттандыру сәтіне (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санын тең болуы тиіс. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбер көрсетілген, облигацияның таза бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигацяилар санын тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабынай сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінді қанағаттандыру тәсілі – жарияланған баға бойынша. Кесімді бағадан төмен өтінімдер кесіледі. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubnf9b10_2011.pdf мекенжайы бойынша танысуға болады. [2011-11-21]