24-25 қарашада Алматыда "Эмитенттердің қазақстандық форумы" атты жыл сайынғы конференциясы өтеді

16.11.11 09:41
/KASE, 16.11.11, 10.11.11 жаңалықты қайталау/ – 2011 жылдың 24-25 қарашасында Алматы қаласында ашық диалог үшін, қаржы нарығын дамыту және экономиканың нақты секторының өзекті мәселелеріне қатысты пікірлер алмасу үшін қаржы алаңы болатын, "Эмитенттердің қазақстандық форумы" атты жыл сайынғы конференция өтеді. Конференция Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы және Эмитенттер кеңесі қолдауымен өтеді. Конференция серіктесі White&Case компаниясы, "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Атамекен" одағы" ҚҰЭП ақпараттық қолдау көрсетеді. Форумға экономиканың нақты секторы компанияларының өкілдері, қаржы нарығының кәсіби қатысушылары, корпоративтік құқық саласындағы жетекші бизнес-кеңесшілер мен заңгерлер, кәсіби және қоғамдың бизнес- қауымдастықтарының өкілдері шақырылды. Алдағы шарада экономиканың нақты секторы кәсіпорындары үшін капитал нарығының мүмкіндіктеріне баса назар аударылып, қазақстандық қор нарығындағы қол жетімді барлық құралдарды қолданумен бизнесті қорландырудың тиімді және баланстанған саясатын құру үішн тиімді саясат ұсынылады. Конференция бағдарламасы және қатысушыларды тіркеу www.wfin.kz ұйымдастырушылардың сайтында қол жетімді. [2011-11-16]