/ҚАЙТАЛАУ/ 14 ҚАРАШАДА БИРЖАДА ВТБ БАНКІ АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫНЫҢ KZ2C0Y04D904 (KZ2C00000131, BVTBB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

07.11.11 09:25
/KASE, 07.11.11, 03.11.11 жаңалықты қайталау/ – 2011 жылдың 14 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде Банк ВТБ АҚ (Қазақстан) Еншілес ұйымының (Алматы) KZ2C0Y04D904 облигацияларын (KZ2C00000131, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BVTBb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 11.12.10 – 11.12.14, жартыжылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушысы "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі 30 000 000 KZ2C0Y04D904 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 20 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – BVTBb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-ге ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигацяилар санын тең болуы тиіс. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбер көрсетілген, облигацияның таза бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациляар санын тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабынай сәйкес есептеледі. Сату алудың шектелімді өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Кесімді бағадан төмен өтінімдер қарастырылмайды. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtbf9b1_2010.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2011-11-07]