ҚҰБ ҚҚК "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

23.12.11 14:42
/KASE, 23.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), өзінің акциялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін KASE-ге ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 06 желтоқсанында тіркеп, "Қазақтелеком" АҚ тіркеушісі туралы мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTK/kztkf9_izm_061211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.