"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ қарызы бойынша негізгі қарызды өтеу есебіне $19,1 млрд теңге төлегені туралы хабарлады

23.12.11 14:00
/KASE, 23.12.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – Корпорация), биржаға ресми хат жолдап, "2011 жылдың 20 желтоқсанында Корпорация "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Республикалық бюджеттен "АӨК субъектілерін, сондай-ақ, көктемгі егін және жинау жұмыстарын несиелендіру" бағдарламасы бойынша тартылған 19 099,9 млн. теңге сомасында негізгі қарызын төлегенін" хабарлады.