"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" (Қазақстан) Л. Киинов Компанияның Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалғанын хабарлады

23.12.11 11:36
/KASE, 23.12.11/ – Облигациялары Қазқстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2011 жылдың 22 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасының шешімімен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Болат Ақшолақовтың лауазымы тоқтатылды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Ләззат Киинов тағайындалды. Киинов Ләззат Кетебайұлы 1949 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі жоғары, 1971 жылы Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау мамандығы бойынша Казақ политехникалық институтын аяқтады. Л.К. Киинов институтты бітірген соң, 1971 жылы Жетібаймұнай мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып бастап, өңдеуге талдау зертханасының басшысына дейін өсті. Л.К. Киинов 1977-1993 жылдары Мағыстау облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің инструкторы, Маңғышлақмұнайөндірісхим аумақтық өндіріс басқармасының бас инженері, Каражанбастермнефть мұнай-газ өндіру басқармасының ұңғырларды күрделі жөндеу және мұнай беру пластыларын жоғарылату жөніндегі Қаражанбас басқармасының бастығы, Комсомольскмұнай мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы. 1992 жылы - Маңғышлақмұнай өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1993 жылы Маңғыстау облыстық әкімшілік басшысына тағайындалды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасарына тағайындалды. 1997-1999 жылдары Каспий құбыр бірлестігінің бас директоры орынбасары қызметін атқарды. 1999 жылы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2002 жылғы ақпаннан "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ президентінің лауазымына тағайындалды. 2003 жылғы наурыздан Энергетика және минералдық ресурстар вице- министрі. 2010 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Мұнай және газ вице- министрі. "Парасат" орденімен, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен марапатталған. Қоғаммен байланыс қызметі "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., пр. Қабанбай батыр д-лы, 19 тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329 www.kmg.kz цитата соңы