"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) Алик Айдарбаев қоғамның бас директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады

23.12.11 11:34
/KASE, 23.12.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 22 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 22 желтоқсаны күні Компанияның Басқарма төрағасы (Бас директор) Асқар Балжановтың өз өкілеттігін алып тастағанын хабарлайды. Бұған дейін Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Алик Айдарбаев Компания Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайланды. Директорлар кеңесінің жаңа Төрағасы сайланғанға дейін Директорлар кеңесінің Төрағасы міндетін уақытша Сейсенғали Өтеғалиев атқаратын болады. АНЫҚТАМА Алик Айдарбаев 2011 жылдың 6 мамыры күнгі Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Айдарбаев мырза В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, 1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, "Маңғышлақмұнай" ӨБ "Жетібаймұнай" МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әртүрлі жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. "Торғай Петролеум" және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуірінен бері – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы