KASE ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛЫП, БИРЖАНЫҢ САУДА ЖҮЙЕСІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНЫННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРДЫ

09.02.11 18:12
/KASE, 09.02.11/ – 2011 жылдың 08 ақпанында Биржада жеке инвесторларға арналып өткізілген ойынның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ойын қорытындылары бойынша KASE өз инвестициялық портфельдерінің ең жоғарғы нарықтық бағасына қол жеткізген мына жеңімпаздарды анықтағанын еске саламыз: - Тоқбаев Данияр (портфелт құны – 12,4 млн); - Нұртазин Дархан (12,2 млн); - Бабажанов Ильдар (11,9 млн). Жоба демеушісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ ойын жеңімпазы Тоқбаев Даниярға сомасы 100,0 теңгені құрайтын KASE индексінің уәкілеттік тізіміне енетін, акциялардың инвестициялық портфелін ұсынды. Бұған қоса, аталмыш ойынға негіз болған Strade терминалын жасаған, KASE еншілес ұйымы "eTrade.kz" ЖШС жеңімпаздардың әрқайсысына: - бір жыл ішінде бір тұлғаның (брокер клиентінің) транзиттік бұйрықтарды беру механизмін қолдануының тегін мүмкіндігін; - сауда жүйесіне кірудің кілттері мен паролін шексіз рет ауыстыру мүмкіндігімен, бір тұлғаға (брокер клиентіне) ашық кілт сертификатын алуға жылдық тегін абонементті ұсынды. Бұрын хабарланғандай, 15-27 желтоқсан аралығында KASE-де, STrade сауда жүйесі клиенттік қосымшасының көрсету нұсқасын қолдана отырып, жеке инвесторлардың шектелмеген тобына арналған үйретуші байқау-ойынын өткізілді. Аталмыш ойын жеке инвесторларға Интернет желісі арқылы қашықтықта қол жеткізу режимінде KASE сауда жүйесіндегі жұмыстың мүмкіндіктерін көрсету, Биржадағы бағалы қағаздар саудасын дәріптеу және Қазақстанның ұйымдастырылған қор нарығы жұмысына жеке инвесторды тарту, сондай-ақ STrade деген атқа ие болған (жобалық нұсқада қосымша "шебер клиент" деп аталған) сауда жүйесінің жаңадан жасалған клиенттік қосымшасын тестілеу мақсатында ұйымдастырылды. Ойынға барлығы 273 жеке инвестор қатысты. KASE көрсеткен белсенділіктері және ойынды ұйымдастыру, оның ережелеріне, сондай-ақ STrade бағдарламалық қамсыздандыруға қатысты айтылған ескертулер үшін барлық қатысушыларға өз алғысын білдіреді. Барлық ескертулерді биржа қарастырды және олар KASE кейінгі қызметінде ескерілетін болады. Марапаттауға арналған баспасөз-хабарламасы http://www.kase.kz/kz/press_releases мекен-жайы бойынша жарияланған.