KASE "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ ҒАЛАМИ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН СОҢҒЫ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

04.02.11 18:06
/KASE, 04.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkzf9e6_010211.pdf мекен-жайы бойынша "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) (бұдан әрі - Эмитент) ғалами облигацияларына қатысты жаңартылған соңғы шарттарды жариялады, аталмыш облигациялардың қосымша орналастырылуы 2011 жылдың қаңтарында 277,0 млн АҚШ доллары сомасына жүзеге асырылды және Эмитенттің 2010 жылдың желтоқсанында 500 млн АҚШ долларына сомасына шығарылған, халықаралық облигациялармен біріктірілетін болады. Қосымша шығарылған облигацияларға уақытша ISIN берілді, ол бастапқы орналастырылған облигацияларға 2010 жылдың желтоқсанында 500,0 млн АҚШ доллары сомасына берілген, және шығарылған күннен бастап 40 күн арасында (2011 жылдың 01 ақпаны) қолданыста болатын, ISIN-нен өзгеше екендігіне ерекше назар аударамыз. "Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің заң кеңесшісінің тұжырымдамасына сүйене отырып, шығарылған күннен бастап 40 күн арасында америкалық инвесторлардың сатып алу мүмкіндігі жоқ, қосымша шығарылған облигацияларды бастапқы шығарылған облигациялардан ажырату үшін, бағалы қағаздар жөніндегі АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша ISIN талап етілетіндігін Биржаға хабарлады. Аталмыш 40 күндік кезең аяқталғаннан кейін қосымша шығарылған облигациялар бастапқы орналастырылған облигациялармен біріктірілетін болады, шығарылмның жалпы көлемі 777,0 теңгені құрайды, шыққан күніне қарамастан, барлық облигациялар бастапқы орналастырылған облигацияларға берілген бір ISIN нөмірімен сатылатын болады.