ҚҚА "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 27 ШІЛДЕСІНЕН 2011 ЖЫЛДЫҢ 26 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

09.02.11 17:50
/KASE, 09.02.11/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ФАВОРИТ" интервалды пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы болып табылатын, "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 02 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 07 шілдесінен 2011 жылдың 26 қаңтарына дейінгі кезеңде "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ жай акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ 150 400 000 акциясы орналастырылмаған.