"МГҚК ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС" АҚ ӨЗІНІҢ KZ2CKY05B885 (KASSB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ӨТЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

16.02.11 17:22
/KASE, 16.02.11/ – "МГҚК ҚазҚұрылысСервис" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 15 ақпанында өзінің KZ2CKY05B885 облигацияларын (KASSb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге, 14.02.06 – 14.02.11; жартыжылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) өтеуі шеңберінде соңғы – оныншы – купондық сыйақы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 3 135 000 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 3 000 000 000,00 теңгені, ал тоғызыншы купондық сыйақының сомасы – 135 000 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.