2011 ЖЫЛДЫҢ 21 АҚПАНЫНАН БАСТАП БИРЖАДА ББҚ АВТОМАТТЫ РЕПО НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚТАР АШЫЛАДЫ

18.02.11 17:47
/KASE, 18.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 21 ақпанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Қазақстан Даму Банкінің" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана) KZP01Y05D931 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKLb1; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 08.02.11 – 08.02.16; жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_BRKLb1_001, R_BRKLb1_003, R_BRKLb1_007, R_BRKLb1_014 және R_BRKLb1_028 кодтары берілді.