2011 ЖЫЛДЫҢ 03 АҚПАНЫНДА БИРЖАДА "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 05 ҚАҢТАРЫНАН 31 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН ӨЗІНІҢ KZ1P51460114 (RDGZP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ МӘМІЛЕЛЕРІ ОРЫНДАЛДЫ

03.02.11 18:27
/KASE, 03.02.11/ – Бұрын хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) эмитентінің оның KZ1P51460114 артықшылықты акцияларын (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) қайта сатып алуы бойынша өткен Қазақстан қор биржасының (KASE) сегізінші мамандандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша 2011 жылдың 31 қаңтарында "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал) (Алматы) атынан эмитентпен өкілденген сатып алушы бір акцияға 19 253,25 теңге құнымен 236 430 акцияны сатуға "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ акционерлерінің 200 өтінімін қанағаттандыру ниетін құжат арқылы Биржаға растады. Аталмыш мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша есептесулер 2011 жылдың 03 ақпанында жүзеге асырылуы тиіс. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) берген ақпаратқа сәйкес, барлық мәмілелер орындалды. Сатып алу құны 4 552 045 897,50 теңгені (АҚШ долларының ағымдағы биржалық бағамы бойынша баламасы 31 019 052,11 АҚШ долларына тең) құрады. Аталған сауда-саттықтар "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алдында хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бойынша бағдарламасын бекітіп, биржада қолданылатын ережелерге сәйкес, KASE отыз күндік арнайы мамандандырылған сауда-саттығында жекеленген ретті серияларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бағдарламаны 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ тиісті баспасөз-релизі http://www.kase.kz/news/show/1097005 мекен-жайы бойынша жарияланған. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ артқышылықты акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 4 136 107 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 100 % сатып алуды көздейді. Сегіз сауда-саттық нәтижесі бойынша (2010 жылдың 09, 10 наурызы, 11 наурызы – 09 сәуірі, 30 сәуірі – 28 мамыры, 01–30 шілдесі, 01–30 қыркүйегі, 01-30 қарашасы, 2011 жылдың 01-31 қаңтары) сатып алушы жалпы сомасы 28 909 970 603,16 теңгені құрайтын 1 582 643 артықшылықты акция сатып алды, (АҚШ долларының биржалық ағымдағы бағамымен баламасы 197 001 503,26 АҚШ долларына тең), демек қайта сатып алуға жоспарланған акциялардың жалпы санынан 38,3 % құрады. 2011 жылдың 31 қаңтарындағы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2011 жылдың 05 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін биржада бір акцияға 19 253,25 теңгемен өзінің KZ1P51460114 (RDGZp) артықшылықты акцияларын сатып алды" атты KASE жаңалығымен http://www.kase.kz/ru/news/show/1127842 мекен-жайы бойынша танысуға болады. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/shares/show/RDGZp мекен-жайы бойынша жарияланған