"АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2011 ЖЫЛДЫҢ 11 АҚПАНЫНДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
18.02.11 17:40
/KASE, 18.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан ары - Банк) KASE
ресми хат жолдап, 2011 жылдың 11 ақпанында Директорлар кеңесі, жасасуы
Банк мүддесін қарастыратын, мәмілелер бойынша мынадай шешімдер
қабылдағанын хабарлады:
- Банктің ЮниКредит Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қарашасынан 2010
жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңінде жасасқан қазынашылық
мәмілелері ратификацияланды;
- Банктің Транзакционды корпоративті өнімдері департаментінің ЮниКредит
Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қарашасынан 2010 жылдың 31
желтоқсанына дейінгі кезеңінде жасасқан қазынашылық мәмілелері
ратификацияланды;
- "АТФБанк" АҚ және "Укрсоцбанк" әлеуметтік дамудың акционерлік-
коммерциялық банкі (байланыс тұлғасы) арасында стандартты шарттамен
жасақан, корреспонденттік шотты ашу және жүргізу туралы 2009 жылдың
19 маусымындағы Келісім-шартқа қосымша келісім бекітілді.