"ЦЕНТР КРЕДИТБАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPC7Y10B656 (CCBNB14) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 10-ШЫ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 9,10 % ҚҰРАДЫ

11.02.11 18:02
/KASE, 11.02.11/ – "Центр КредитБанкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC7Y10B656 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb14; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 10.10.06 – 10.10.16, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) оныншы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,10 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 10 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,70 % пайызды құраған.