15 АҚПАННАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "НҰРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) XS0269698246 (NRBNE2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

15.02.11 18:02
/KASE, 15.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 16 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Нұрбанк" АҚ (Астана) XS0269698246 облигациялары (NRBNe2; $150,0 млн; 17.10.06 – 17.10.11; жылдық 9,375 % жартыжылдық купон; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы" "MONEY EXPERTS" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі берешектік атаулы көрсетіліміндегі 20 600 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 11 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/nrbn мекен-жайы бойынша жарияланған.