"ЦЕНТР КРЕДИТБАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPC3Y10B655 (CCBNB10) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 12-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 9,10 % ҚҰРАДЫ

11.02.11 17:58
/KASE, 11.02.11/ – "Центр КредитБанкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC3Y10B655 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb10; 100 теңге, 3,0 млрд теңге; 08.10.05 – 08.10.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) он екінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,10 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 08 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,70 % пайызды құраған.