"БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y10C111 (BTAIb11) облигациялары бойынша 10-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады

03.02.11 17:48
/KASE, 03.02.11/ – "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y10C111 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb11; 100 тенге, 10,0 млрд тенге; 04.08.06 – 04.08.16, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) 2011 жылдың 04 ақпанынан 03 тамызына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 04 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,30 %-ды құраған.