"БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZPC2Y08B644 (BTAIb8) облигациялары бойынша 12-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8,60 % құрады

03.02.11 17:50
/KASE, 03.02.11/ – "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC2Y08B644 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb8; 100 тенге, 7,0 млрд тенге, 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) 2011 жылдың 22 ақпанынан 21 тамызына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,60 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 22 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,20 % пайызды құраған.