/KASE, 02.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана)
2011 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып,
былай деп хабарлады.
цитата басы
Осы жылдың 2 ақпаны күні Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
(бұдан әрі – ҚМГ ҰК) «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Заңды тұлғалар
бірлестігімен бірге ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Индустрия және
жаңа технологиялар министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
АҚ, машина жасау компаниялары және ірі мұнай-газ жобалары операторлары
(«Теңізшевройл» БК ЖШС, NCOC және KPO B.V.), өкілдерінің қатысуымен
ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық үлесті арттыру мәселесі бойынша
бірлескен кеңес өткізді.
Алдын ала есептеулерге қарағанда, ҚМГ ҰК компаниялар тобы бойынша
жалпы сатып алу көлемі 1 595,2 млрд. теңгені құрады, сонымен бірге
сатып алудың қазақстандық үлесі 51% немесе 811 млрд. теңге болды.
Сонымен бірге 776 млрд. сомаға сатып алынған тауарлардың жалпы
көлеміндегі қазақстандық жеткізушілердің үлесі 31% немесе 244,7
млрд. теңгені құрады.
Атқарылатын жұмыстарға жасалған келісімшарттардың жалпы көлемі 393,1
млрд. теңгені құрады, сонымен бірге қазақстандық үлес 63% немесе 248
млрд. теңге болды.і
Барлығы 425,7 млрд. теңгенің қызмет түрлері, сонымен бірге отандық
жеткізушілерден 317 млрд. теңгенің қызмет түрлері сатып алынды, бұл
қазақстандық үлестің 75% құрайды.
Қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды арттыру
жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатында ҚМГ компаниялар
тобы 2010-2012 жылдары ҚР мұнай-газ машиналарын жасауды дамытуға
жәрдем көрсету Бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыруда.
цитата аяғы
Аталған баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_020211.pdf мекен-
жай бойынша танысуға болады.