"ЦЕНТР КРЕДИТБАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPC1Y10B659 (CCBNB8) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 12-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 10,00 % ҚҰРАДЫ

11.02.11 17:44
/KASE, 11.02.11/ – "Центр КредитБанкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y10B659 СУБОРДИНАЦИЯЛАНҒАН облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb8; 1 000 тенге, 2,0 млрд тенге; 16.08.05 – 16.08.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) он екінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,00 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,70 % пайызды құраған.